Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2018 ж. қаңтар айында есеп беру барысында, тұрғындармен айтылған ұсыныстар және ескертулер бойынша Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның ОАА бас дәрігері Н.Б. Аймановтың ақпараты

Новоселовка с/округіндегі сұрақ: Аудандық емханада дәрігер — кардиологтың қабылдау күндерін көбейту қажеттілігі туралы.

ОАА бас дәрігері Н.Б. Аймановтың жауабы:

Новоселовка дәрігерлік амбулаториясында диагностика және қанайналым жүйесі ауруларын емдеу бойынша қызмет түрлері қызметтік міндетіне кіретін жалпы тәжірибелі дәрігер Акилбеков Ж., жұмыс жасайды.

Дәрігер кардиолог Маткенова С.Г., 2018 ж. 01.05 нен бастап емдеу қызметі бойынша бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды.

Дәрігер кардиолог Маткенова С.Г., қабылдауы ОАА мамандандырылған және жабдықталған кабинетте жалғасуда және ультрадыбыстық зерттеу осы кабинетте сараптау клас аппаратында іске асырылады, себебі дәрігер кардиолог әлі де функционалдық диагностика дәрігері болып табылады.

ЖТД жолдамасы бойынша жазылу бойынша, дәрігер кардиолог қабылдауы аптасына біррет әр сәрсенбіде 14.00 сағаттан бастап соңғы пациентке дейін іске асырылады. Ал басқа күндері келісім бойынша «ауыр және түсініксіз пациенттер» ретінде учаскелік дәрігерлердің жолдамасы бойынша кардиологтың күнделікті қабылдауы 08.30.с. 17.30 с. дейін іске асырылады.

Қабылдауға келген адамдарға бас тарту болған жоқ .Жүректі ультрадыбыстық тексеру жазылу бойынша, учаскелік дәрігерлердің жолдамасы бойынша жоспарлы пациенттерге жүргізіледі, бұдан бөлек шұғыл және реанимация мен терапия бөлімшелеріндегі пациенттерге, осы зерттеу қызметі дәрігер кардиологпен тәулік бойы жүргізіледі. Осындай бір зерттеуге УДЗ басқа түрлеріне қарағанда — 40 мин, уақыт кетеді.

Тахтаброд с/округіндегі сұрақ: Диспансерлік есепте тұрған тұлғалардың дәрі-дәрмектерді тұрақты алмауы туралы.

ОАА бас дәрігері Н.Б. Аймановтың жауабы:

2017 жылы республикалық бюджеттің жеткіліксіз қаржыландыру себебі бойынша диспансерлік есепте тұрған амбулаторлық науқастарды дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етуде мәселелер болды. Республикалық бюджетке қарасты бұл мәселе ОАА және СҚО ДСБ әкімдігіне байланысты емес. 2017 жылы біздің ауданнан тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тапсырыс сомасы 90 млн.теңгені құрады. 2017 ж. 12 қорытындысы бойынша берілген және қамтамасыз етілген рецептердің сомасы 73 млн. 676 мың. теңгені құрады. Дәрі-дәрмек заттарын сатып алуды өздігінен іске асыратын СК «Фармация» орталық аппаратына 2018 ж. тапсырыс беру сомасы 193 620 908,87 теңгені құрады. 2018 ж. 01.29 на СК «Фармация» 2018 ж., 12 айына жеткізу бойынша бөлуде біздің аудан үшін 62 920 074 теңгеге дәрілік заттарын ұтып алды, нозология бойынша ішінара: ревматотдный артрит, жүйелік қызыл волчанка, ювенилді артрит, Паркисон ауруы, мисастения, қабынған склероз, эпилепсия, бронхиалды астма, өткір фарингит/тозилит/бронхит, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, созылмалы гепатит С, артериялдық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек ауруының жетіспеушілігі, қант диабеті, туберкулез, онкологиялық ауруларжәне т.б.

Осы мезетте СК «Фармация» шарттарға қол қою және тіркеу процедурасы жүргізілуде. Алғашқы жеткізілу уақыты – 2018 ж. ақпан айының екінші он күндігі. Дәрі-дәрмек заттарының аудандық емханаға түсуі туралы ізінше аудандық әкімдікке хабарланатын болады, бұл сұрақ аудан әкімінің бақылауында.

Червонный с/округіндегі сұрақ: Дәрігер-терапевтің Червонный с., шығу қажеттілігі туралы.

ОАА бас дәрігері Н.Б. Аймановтың жауабы:

Емхана дәрігер-терапевті Ертай С.Е., функционалдық міндетіне 2017 ж. 11.01 нен бастап Червонный с., тұрғындарын амбулаторлық қабылдау және кеңес жүргізу міндеттері қосылды. Апта сайын, әр бейсенбіде, 14:30 дан 17:30 с. дейін осы дәрігердің Червонный с., шығуы іске асырылады.

Шөптікөл с/округінің сұрағы: Шөптікөл түзету мектеп-интернатының балаларына аудандық емханада кезектен тыс медициналық қызмет көрсету туралы.

ОАА бас дәрігері Н.Б. Аймановтың жауабы:

Сұрақ шешілді. Аудандық емханаға келудің нақты уақытының көсетілуімен, зерттеудің және дәрігер қабылдауының жоспарлудағы балалар саны туралы

интернат басшылығының ауызша немесе хат түрінде жүгінген жағдайда – интернаттың барлық балалары кезектен тыс өтеді.

Кезекте аяғы ауыр әйелдердің, нәрестелердің, мүгедектердің, 1 жасқа дейінгі балалардың және шұхыл пациенттердің болуынан бөлек.

Қорытынды кездесудегі сұрақ: Дәрігер қабылдауына кезектің болдырмауына жол бермес үшін аудандық емхананың тіркеу орнында мамандар бірлігін ұлғайту туралы.

ОАА бас дәрігері Н.Б. Аймановтың жауабы:

Аудандық емхананың тіркеу орнында 2017 ж. 07.01 нен бастап үш маман жұмыс жасайды: (Капитонова Н.В., Акимова Н., Рамазанова К.).

Қызметкерлердің біреуінің еңбекке жарамсыздық парағында немесе еңбек демалысында болу жағдайлары болады.

Бұдан бөлек тіркеу орнының мамандары емхананың барлық кабинеттері бойынша, мобильді (қозғалыс) функцияларын орындайды, яғни активтерді тапсырады, шұғыл науқастарды және аяғы ауыр әйелдерге ілесу қызметін көрсетеді, дәрігерлерді шақырады, шұғыл телефон қоңырауларын қабылдайды,

облыстың барлық емдеу мекемелкрінен активтер қабылдайды және оларды біздің ауданның учаскелік сәйкес қызмет орындарына жібереді. Әкімшілік осы сұрақты күшейтілген бақылауға алды.

Ломоносовка с/округіндегі сұрақ: Ломоносовка с., дәрігерлік амбулаториясы терапевінің апта сайынғы Ставрополка с., шығу қажеттілігі туралы.

ОАА бас дәрігері Н.Б. Аймановтың жауабы:

Ломоносовка с., Жалпы тәжірибелі дәрігер ретінде 2 дәрігер Кобенко С.А. және Кобенко Ф.А. жұмыс жасайтын дәрігерлік амбулатория бар. Терапевт және жалпы тәжірибелі дәрігер — бұл «бір жақты болып қарастырылады». Тиісінше Ломоносовка с., жалпы тәжірибелі дәрігерлер қарауы күнделікті іске асырылады, яғни дүйсенбіден жұма бойынша с.08.30 дан 17.30 с. дейін. Ставрополка с., фельдшер және мейірбике жұмыс жасайтын медициналық пункт бар (2 адам). Ломоносовка с., жалпы тәжірибелі дәрігердің Ставрополка с., шығуы апта сайын әр сәрсенбіде с. 14.30 дан 17.30 с. дейін іске асырылады.

Сұрақ ОАА әкімшілігімен күшейтілген түрде бақылауға алынды.

Ломоносовка с/округіндегі сұрақ: Ставрополка с. ФАП учаскелік фельдшердің қажеттілігі туралы.

ОАА бас дәрігері Н.Б. Аймановтың жауабы:

Ставрополка с. медициналық пункт бар (тұрғыны 690 адам), село тұрғындар саны 800 адамнан жоғары болған жағдайда фельдшерлік-акушерлік пункт құрылады. Дегенмен ОАА Ставрополка с. медициналық пунктінде екі медициналық қызметкерді жұмыспен қатуда (мейірбике Кузбаева Р., фельдшер Костюкевич Л.). Штаттық кесте бойынша медициналық мейірбике қызметінің 1 (бір) штаттық бірлігі қажет. Фельдшер Костюкевич Леонтина «қолы сыну» жағдайы бойынша 2017 ж. қараша,желтоқсан айларында еңбекке жарамсыздық парағында болды, осы мезетте жұмыс орнында. Бұдан бөлек Ставрополка с., МП санитарлық көлік сақталған, нормативті жағдай бойынша

800 адамға 1 санитарлық машина.

Ломоносовка с/округіндегі сұрақ: Ставрополка с., әлеуметтік дәріхана ашудың қажеттілігі туралы.

ОАА бас дәрігері Н.Б. Аймановтың жауабы:

Келесі себептер бойынша Ставрополка с., әлеуметтік дәріхана ашу мүмкін болмауда:

Ставрополка с., медициналық пункті ОАА теңгерімінде емес, «Намыс» ЖШС меншігі болып табылады және біздермен нөлдік ставка бойынша жалға алынуда. Арнайы фармацевтикалық білімімен медициналық қызметкер жоқ және Ставрополка с., медициналық пунктінің штаттық кестесіне сәйкес болмауы мүмкін. Орта медициналық қызметкерлерді қайта оқыту (қайта даярлау) мүмкін емес, себебі оларға маман сертификаты емес, фармацевтикалық білім бойынша диплом алу қажет.

3.Новоишим с., емханада, Чистопол дәрігерлік амбулаториясында және Рузаевка дәрігерлік амбулаториясында әлеуметтік дәріханалар бар. Олар «фармацевтикалық қызметпен айналысуға» алынған лизензия нәтижесінде ашылды. Бұл лицензия жоғарыда көрсетілген 1 және 2 тармақтардың сақталуы сонымен қатар орталықтандырылған су, кәріс жүйесі, желдеткішпен қамтылып, өрт және күзет дабыл қызметі бар болған жағдайда қоғамдық денсаулықтың орталық комитетімен беріледі.

Жоғарыда айтылған жағдайлар орындалмауына байланысты ОАА әкімшілігі Ставрополка с., әлеуметтік дәріхана аша алмайды.

Шұқыркөл с/округіндегі сұрақ: Шұқыркөл селолық округ тұрғындарын Новоселовка дәрігерлік амбулаториясына бекіту қажеттілігі туралы.

ОАА бас дәрігері Н.Б. Аймановтың жауабы:

Дәрігерлік амбулатория тұрғын пуктіндегі тұрғындардың 2000 адамнан жоғары болуына сәйкес құрылады және сақталады, денсаулық сақтаудың мемлекеттік нормативтік жүйесіне сәйкес болмауына байланысты, 2017 ж. 10.30. дейін Андреевка дәрігерлік амбулаториясы (одан әрі ДА) жабылу қауіпінде болды. Дегенмен Андреевка ДА барлығы 1800 адам ғана бекітілген. Дәрігерлік амбулаторияның жабылуы штаттық бірліктердің қысқаруына әкелер еді (жалпы тәжірибелі дәрігердің, зертхананың, физиотерапия, фельдшерлер мен мейірбикелер) фельдшерлік-акушерлік пункіт нормативіне дейін, яғни 1 фельдшер және 1 мейірбике.

2017 ж. 11.01 нен СҚО Денсаулық сақтау Басқармасымен Андреевка ДА сақталуы үшін, бекітілген тұрғындарды қайта бөлу туралы келісілген шешім қабылданды.

Шұқыркөл с., тұрғыны (505 адам), 15 жыл Қазақстан с. (186 адам), Қарағаш с., (75 адам) Андреевка ДА бекітілді. Бекітілген 2654 адам тұрғыны бар Андреевка ДА ұзақ уақытқа қауіпті жабуға жатқызылмайтын болады.

Осылайша Шұқыркөл с., 15 жыл Қазақстан с., Қарағаш с. тұрғындарының қандай да бір кедергілерсіз Новоишим с., келу және жолшыбай жалпы тәжірибелі дәрігер кеңесін алу , зертханалық нақтамалар алу үшін дәрігерлік амбулаторияға жүгіну мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар Андреевка ДА ұжымы осы селоларға шұғыл шығу және апта сайынғы жоспарлы шығу жұмыстарын орындайды, тексерулер мен кеңес жұмыстарын, проф.тексерулерді және т.б. жоспарлауларды іске асырады.

07.06.2018
Қараулар: 2993
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz