Мақсаты
Стационар жағдайында тәулік бойы білікті және мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде көрсетілімдер бойынша профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсету.
Міндеттері
- Құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру және оларға ұйымдастырушылық-әдістемелік әрі практикалық көмек көрсету.
- Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен түрлер мен көлемдерге сәйкес стационарда және күндізгі стационарда барлық жас топтарындағы аурулардың профилактикасын, диагностикасын және емін жүргізу.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес фармацевтикалық, ақылы медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсету.
Функциялары
- МСАК мамандары мен денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасы бойынша жоспарлы және шұғыл көрсетілімдермен стационарлық көмек көрсету.
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтарды медициналық көмекпен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету.
- Бағыттаманың болуына, тұрғылықты жеріне және тіркелуіне қарамастан, кәсіпорын қызметінің бейініне сәйкес жіті және кенеттен болған жағдайларда жүгінген науқастар мен зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету.
- Зертханалық және диагностикалық зерттеулер, оңалту емі және бейінді мамандардың мамандандырылған көмегін ұйымдастыру.
- Аурулар мен қауіп факторларын ерте анықтау үшін профилактикалық, санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу.
- Бекітілген диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес қызмет көрсету, емдеу мен оңалтудың сапасын арттыру.
- Басқа емдеу-профилактикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, ғылыми және фармацевтикалық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
- Медицина ғылымының жетістіктерін енгізу, салауатты өмір салтын насихаттау, пациенттерді жоғары мамандандырылған көмекке және санаторийлік-курорттық емге жіберу.
- Медициналық құжаттаманы жүргізу, дұрыс жедел ақпарат пен статистикалық есептілікті ұсыну.
- Кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлеміне кірмейтін қызметтерді бекітілген прейскурант бойынша көрсету.
- Пациенттерге күтім мен қызмет көрсету сапасын жақсарту, медицина қызметкерлерінің біліктілігін бес жыл сайын арттыру және ұжымның әлеуметтік дамуына жағдай жасау.
Миссиясы
Аудан халқының денсаулығын сақтау және нығайту, сапалы, қолжетімді әрі қауіпсіз стационарлық және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету. Басым бағыттар — аурулардың профилактикасы мен емі, салауатты өмір салтын насихаттау және халықтың денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.
Құндылықтары
Пациентке бағдарлану, қауіпсіздік, жауапкершілік, алқалылық, ашықтық және кәсібилік.




