Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi — ол Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесi. Бұл күндi елiмiздiң тұрғындары жылсайын 16 желтоқсанда тойлайды.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiктiң жария етуiнiң 24 жылдығын атап өтедi. Қазақстаннның Жоғарғы Кеңесi 1991 жылы 16 желтоқсанда Республика тәуелсiздiгi мен мемлекеттiк егемендiктiң Заңын қабылдады.
Осы жылдар iшiнде елiмiз барлық қоғами салалардың дамуында аса зор жетiстiктерге қол жеткiздi: яғни, саясат, бiлiм, денсаулық, мәдениет және өмiрдiң басқа да саларында. Осылардың бәрi Ұлт Көшбасшысы — Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың және Қазақстан халқының бiрiгушiлiгiнiң арқасында жүзеге асуда.
Қазақстан Республикасының дамуы мемлекеттiк қызметтiң басты мақсаттарымен анықталады. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев негiзгi жетiстiктердi және мақсаттарды жылсайынғы халыққа арналған жолдауында нақтылап анықтап көрсетедi.
ҚР Президентiнiң халыққа жолдауы 1997 жылдан басталады. Республиканың құрылған мерзiмi арасында Елбасының халыққа арнаған барлығы 19 жолдауы болды. Жылсайын Президент өзiнiң жолдауында өткен жылдардың нәтижелерiне сүйенен отырып, елiмiздiң басты басымды мақсаттарын анықтап көрсетедi. Президенттiң жолдауның iске асуы толығымен мемелкеттiк құрылымдарға жүктеледi және уақытымен iске асырылады.
Елдiң уақытындағы жеткен жетiстiктерi — бұл болашақ ұрпақ мұрасы, XXI ғасырда Қазақстанның күштi де тәуелсiз құрылуы мен динамикалық дамуына сенiмдi негiзi болмақ.
Қараулар: 3177