Директордың міндетін атқарушы
Авраменко Виталий Владимирович
Авраменко Виталий Владимирович, 1975 жылы 4 маусымда Целиноград облысы Алексеевка а., дүниеге келген.
1993 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтына «Педиатрия» бөлімшесіне оқуға түсті. 1999 жылы институтта оқуын аяқтап, «Дәрігер – Педиатр» біліктілігі бар дипломын алды. 2000 жылы интернатураны «Анестезиолог-Реаниматолог» біліктілігі берілумен аяқтады.
2000 жылдың шілдесінен 2006 жылдың қарашасына дейін СҚО, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық ауруханасында дәрігер – анестезиолог-реаниматолог болып жұмыс істеді.
2006 жылдың қарашасынан 2012 жылдың қыркүйегіне дейін СҚО, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу қызметі жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық емхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық аурухана -директорының м.а. лауазымында жұмыс істейді.
Медицина саласындағы жалпы жұмыс өтілі 20 жылды құрайды.
Ұзақ жұмыс кезеңінде бірқатар мамандандырулардан өтті және хирургия, клиникалық трансфузиология, анестезиология және реанимация бойынша сертификаттары бар.
Үйленген, екі баласы бар. Өзінің кәсіби қызметіне қатысты мәселелер жөніндегі емдеу іс-шараларын және ауданның қоғамдық қызметін өткізу бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен секцияларға белсенді қатысады. Жоғары біліктілік санаты бар.
Аудандық мәслихаттың VІ шақырылымның депутаты болып табылады .
Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен; «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен; «Ерен еңбегі үшін» медалімен, сонымен қатар мәслихаттардың 25 жылдығына орай аудандық мәслихаттың 50 сессиясында «Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның 50 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған.
МАСК бойынша директордың орынбасары
Булатова Анаргуль Жайсултановна
Булатова Анаргуль Жайсултановна, 1971 жылы 9 желтоқсанда Көкшетау облысы, Куйбышев ауданы, Куйбышев кентінде дүниеге келген.
Ақмола мемлекеттік медицина институтын 1994 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Володаровка а.,стационардың балалар бөлімшесінің меңгерушісі болып бастаған.
Содан кейін еңбек жолын Көкшетау облыстық балалар ауруханасында кезекші дәрігер лауазымында жалғастырып, 1995 жылдан 2003 жылға дейін жұмыс істеді.
2003 жылы қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі болып ауыстырылды.
2003 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар қаласының Облыстық балалар ауруханасында дәрігер – педиатр болып жұмыс істеді.
2008-2009 жылдары Ақмола облыстық балалар ауруханасында дәрігер – педиатр болып жұмыс істеді.
2009-2011 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталық аудандық ауруханасында аудандық педиатр болып жұмыс істеді.
2011 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК МСАК бойынша бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істейді.
Қыз тәрбиелеп отыр.
Аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Шупанов Ахан Хантаевич
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның емхана меңгерушісі
Шупанов Ахан Хантаевич, 1986 жылы 2 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, Возвышен ауданы, Сейфулино а., дүниеге келген.
2011 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп, «Дәрігер» біліктілігін алды.
Аудандық ауруханаға 2012 жылы интернатурадан өткеннен кейін келді, қазіргі уақытқа дейін невропатолог дәрігер болып жұмыс істейді. Жұмысқа жауапкершілікпен, адал ниетпен қарайды, ұжымда құрметке ие.
Өзінің біліктілік деңгейін үнемі арттырып отырады. Пациенттердің оң пікірлеріне ие. Ұстамды, теңдестірілген, жанжалсыз, білікті білімді маман ретінде сипатталады, мамандық бойынша жақсы білімге ие, сонымен қатар сабақтас мамандықтар мәселелерінде жақсы бағдарланған. Шұғыл медициналық көмек мәселелерінде уақтылы және дұрыс шешім табады. «Невропатология» мамандығы бойынша екінші біліктілік санаты бар.
2020 жылдың 19 қазанынан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның емхана меңгерушісі болып тағайындалды.
Үйленген, екі баласы бар.
Аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.