Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру және 070-104 «Денсаулық сақтау саласында салауатты өмір салтын насихаттау» мемлекеттік тапсырмасын орындау аясында мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген 8 бейнероликті жолдайды.
Бейнероликтер вейп шегудің, кибербуллингтің, лудоманияның, жастар денсаулық орталықтарының, балалар семіздігі мен дұрыс тамақтанудың, АПВ-ға қарсы вакцинацияның, құрамында қанты бар және энергетикалық сусындардың зиянының алдын алу тақырыптарын қамтиды.
Тұрғындарды хабардар ету мақсатында бейнероликтерді әлеуметтік желілер мен веб-сайттарға орналастыруды және медициналық мекемелердің холдарында көрсетуді сұраймыз.
Орналастыру туралы ақпаратты 1-қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейін
Бейнероликтерді жүктеу · Орналастыру туралы ақпарат нысаны (DOCX, 14 КБ)
Қосымша: 1 парақта.
Басқарма төрағасы А. С. Есмагамбетова




