Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ҚДСҰО) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы қаулысы) іске асыру, сондай-ақ 070-104 “Денсаулық сақтау саласында салауатты өмір салтын насихаттау” ББ бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау аясында вейп шегудің, кибербуллингтің, лудоманияның алдын алу, жастар денсаулық орталығы, балалар семіздігі және дұрыс тамақтану, АПВ қарсы вакцинациялау, құрамында қанты бар энергетикалық сусындардың зияны туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеген 8 бейнероликті жолдайды.
Осыған байланысты, тұрғындарды хабардар ету мақсатында әлеуметтік желілердің парақшаларына және веб-сайттарға, сонымен қатар медициналық мекемелердің холдарына бейнероликтерді орналастыруды қамтамасыз етуді сұраймыз.
Бейнероликтерді орналастыру туралы ақпаратты 1-қосымшаға сәйкес pr@hls.kz электрондық поштасына 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейін жіберу керек.
Бейнероликтерді жүктеу сілтемесі:https://disk.yandex.ru/d/8ECl6qxiABq36g
Қосымша: 1 парақта.
Басқарма төрағасы А. С. Есмагамбетова
Қараулар: 16